Шалғындық және жайылымдық мал азығы өндірісі

(0 голосов)
Артикул: T6.4;140.T.25.В.
цв/ил T6.4;140.T.25.С. 6600тг
Автор:Төреханов А.Ə., Алимаев И.И., Оразбаев С.Ə.
Вид издания:Учебник
Год издания:2015
ISBN978-601-80017-1-0
Язык:казахский
Количество страниц:470
Переплет:твердый
Формат:60x84/16
5400 тенге
Автор:Төреханов А.Ə., Алимаев И.И., Оразбаев С.Ə.
Вид издания:Учебник
Год издания:2015
ISBN978-601-80017-1-0
Язык:казахский
Количество страниц:470
Переплет:твердый
Формат:60x84/16

Мал азығы өндірісі – малдарды жайылымдар мен шабындықтарда, сондай-ақ
егістіктер мен малазығындық ауыспалы егістіктерде өсірілген немесе солардан жинап
алған азықтармен қамтамасыз етуге арналған агротехникалық, экологиялық жəне
шаруашылықтық-ұйымдастыру шаралар кешені.
Шалғындық шаруашылығы – ауыл шаруашылығының негізгі мақсаты мал
шаруашылығын қажетті мөлшердегі пішенмен қамтамасыз ету болып табылатын
өндірістік саласы, мал азығы өндірісінің құрамдас бөлігі.
Жайылым шаруашылығы – малды жайылым шөбімен толық қамтамасыз етудің
технологиялық, техникалық тəсілдер кешені.
Ауыл шаруашылығы ғылымының бір саласы есептелетін шалғындық жəне
жайылымдық шаруашылық өсімдік, топырақтану, зоотехния, ботаника, экология, ауа
райын зерттеу ғылымы, т.б. да жеке пəндерді білуден тұрады. Сондықтан, оқулықта
табиғи аймақтарды, агротехникалық шараларды сипаттау кезінде жоғарыда аталған
пəндерге қатысты материалдар кездесіп отырады.
Оқулықта малазығындық өсімдіктердің биологиясы берілген. Шалғындық-
жайылымдық ғылымының бұл тармағы əлі жеткілікті зерттелмеген. Сондықтан,
республикамыздың əртүрлі өңірлерінде көп жылдар бойы жүргізілген ғылыми-
тəжірибелік сынақ жұмыстарының тың деректері берілді. Өсімдіктердің адамдар əсер
еткен кездегі дамуының түрлі құбылыстарын зерттеу алынған деректерді біртұтас жүйеге
шоғырландыруға, оған бірыңғай мақсатты бағыт беруге мүмкіндік туғызды. Оқулықты
жазуда əлемдік əдебиеттердегі деректер кең қолданыс тапты.
Сондай-ақ, оқулықтағы шабындықтар мен жайылымдарды пайдалануға, жақсартуға
байланысты ұйымдастыру шаралары мен агротехникалық тəсілдер ауыл шаруашылығы
құрылымдарындағы нақты жағдайларды есепке ала отырып пайдаланылса, сапалы мал
азығын, олай болса, сапалы мал өнімдерін мол өндіруге мүмкіндік береді.
Оқулық аграрлық жоғарғы оқу орындарының «Агрономия» жəне «Зоотехния»
мамандықтары бойынша оқып жүрген шəкірттерге арналған.

Авторизуйтесь, чтобы оставить комментарий
Введите Ваш e-mail:
Введите Ваш пароль:
Если Вы уже зарегистрированы на нашем сайте, но забыли пароль или Вам не пришло письмо подтверждения, воспользуйтесь формой восстановления пароля.

Назад